Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыс Қазақстанда бір ауылды су басып кетті

Еріген қар суы Орловка ауылына Бородулиха ауданы, Жезкент елді мекеніндегі егістіктен келген

Бүгін Устинка Плюс газетінің редакциясына Орловка ауылының тұрғындары хабарласты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Су тасқыны басталды, ауылға да жетті. Ал билік бізге дорбаларға көң салып, үйлерді қоршап қойыңдар дейді. Қазір оның бәрі сасып жағымсыз иіс шығаруда. Бір де бір басшының жағдайды реттейтін түрі жоқ, - деп шағымданды хабарласқан әйел.
Ауылдағы жағдайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен сұрап білгенді жөн көрдік. Департамент қазір ол жерде жағдай тұрақты екенін атап өтті.
- Орловка ауылында Жеңіс көшесіндегі бір тұрғын үйді су басты. Оқиға орнына дереу 36 адамнан құралған құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері келді. Мамандар 60 текше метр суды айдау үшін төрт мотопомпа орнатып, тереңдігі 2,5 метр және ұзындығы 300 метр болатын арықтарды тазартты. Еріген су ағып кетті, қауіпсіздік шарасы үшін қосымша 500 қап пакет қойылды. Бородулиха – Жезкент тас жолы қатайтылып, инертті материалдармен нығайтылды. Жағдай тәулік бойы бақыланады. 235 тұрғынға су тасқыны кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері туралы нұсқаулар берілді, - деді облыстық төтенше жағдайдың баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Қазір департаменттің баспасөз хатшысының айтуынша, үйдің аумағындағы су кеткен. Төрт тұрғын үйдің ауласы ғана су астында жатыр. Тұрғындарды эвакуациялау қажет емес. Сонымен бірге алаңда 36 адамнан тұратын топ, алты техника, төрт мотопомпа және бір жүзу құралы бар.
- Ауылдың ішінде бәрі тыныш, су ұйықтап жатыр, - дейді Бородулиха ауданының әкімі Кинугүл Қашкенұлы. - Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз.
Следующая →