Оңтүстік Кореядағы зәулім ғимаратта өрт шықты
Оңтүстіккореялық Ульсан қаласындағы 33 қабатты зәулім ғимарат өртке оранды
Ғимараттың 30 қабаты – тұрғындар тұратын пәтерлер. Өрттен зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Vesti.ru басылымына сілтеме жасап.
Өрт 8 қазан күні кешке қарай 12-ші қабаттан басталған. Қатты жел соғып тұрғандықтан, қызыл жалын бірден бүкіл ғимаратты орап әкеткен. Yonhap агенттігіне сілтеме жасай отырып Kp.ru басылымы 49 адамның зардап шеккенін хабарлады.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға қанша күш салғанымен, өрт аса ауқымды болғандықтан әрі қатты жел соғып тұрғандықтан, жағдай ушығып кеткен. Қазірше өрттің неден шыққаны белгісіз.
Следующая →

- Ғимараттан 43 тұрғын эвакуацияланды, 15 адам ауруханаға жеткізілді. Ғимарат ішінде қалған адамдардың бар-жоғы әзірше белгісіз. Зәулім ғимараттың көп бөлігі тұрғын үй пәтерлері болғандықтан, 4-ші қабаттан бастап, 33-ші қабатқа дейін 127 отбасы тұрған, - делінген агенттік хабарламасында.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға қанша күш салғанымен, өрт аса ауқымды болғандықтан әрі қатты жел соғып тұрғандықтан, жағдай ушығып кеткен. Қазірше өрттің неден шыққаны белгісіз.