Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да сіріңкемен ойнап жүрген бала 12 тонна шөпті өртеп жіберген

Оқиға Жарма ауданындағы Шар қаласында орын алды. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен арпалысқа екі сағаттан артық уақыт жұмсаған

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, балалар қора төбесі мен маңына үйілген шөп маңында ойнап жүрген. Солардың арасындағы алты жастағы бала сіріңке жағып, жалын шөпке тисе керек. Алты минуттан кейін өрт орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтай бастаған. Сонда да 12 тонна шөп өртеніп үлгерді, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ.

- Ересектердің қарауынсыз қалған балалар жиі өзіне ермек іздейді де көзге түскен оттық, сіріңкемен ойнайды. Ал оның арты осындай оқыс жағдайларға ұласып жатады. Құрметті ата-аналар, балаларыңызға отпен ойнау – қауіпті екенін түсіндіру қажет. Балаларды жалғыз қалдырмауға тырысу керек. Қолында сіріңке не оттық ұстап жүрген балаға бейжай қарамаңыз. Өрт шықса,  "101" немесе "112" нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп ескертеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Следующая →