Өскеменде екі ағайынды балалар ойнап кетіп, үйге оралмады
Кеше 29 жастағы әйел полиция қызметкерлеріне екі ұлының Шығыс ауылындағы үйінен ойнауға кетіп, қайтпай қалғанын айтып жүгінді
Әйел олардың сағат 15.00 шамасында далаға кеткенін айтты. Үш жарым сағаттан соң, 18.30-да анасы аулаға шығып, балалар жоқ екенін байқаған. Алдымен ол балаларын өз бетімен табуға тырысқан, бірақ нәтиже болмады. Содан кейін әйел полицияға жүгінген.
Следующая →
- Кәмелетке толмаған балаларды іздеуге бүкіл жеке құрам жұмылдырылды, - деп хабарлады Өскемен полиция басқармасы. - Сол күні сағат 19.00 шамасында балалар аман-есен табылды. Олар Герасимовка ауылына апаратын траншеяның ішіне түсіп кеткен екен. Құтқарушылар еш қиындықсыз шығарып алды.Полиция бөлімі ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.