Өскемен
облачно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +9°
$
488.26
-0.19
530.54
+1.35
¥
68.59
5.03
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бейрутта үкіметке қарсы наразылықтар өтіп, жүздеген адам зардап шекті

Мыңдаған қала тұрғындары Бейрут көшелеріне шығып, порттағы жарылыстың алдын алу шараларын қабылдамаған үкіметке қарсы наразылық шерулеріне қатысты

4 тамызда Бейрут портында 2,75 мың тонна аммиак селитрасы жарылды. Нәтижесінде 160-қа жуық адам қайтыс болды. 6 мың адам жарақат алды, 300 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды. Араб ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиғадан кейін үкіметке қарсы наразылықтар басталды, оның барысында 728 адам зардап шекті, бір полиция қызметкері қайтыс болды.

Наразылық білдірушілер Ливанның Сыртқы істер, экономика, энергетика және қоршаған орта министрліктерінің ғимараттарына, сондай-ақ банк қауымдастығының ғимаратына шабуыл жасады, деп хабарлады сенбіде NNA Ливан мемлекеттік ақпарат агенттігі.

Әскер жарылыстан зардап шеккен СІМ ғимаратын басып алған наразылық білдірушілер тобын ығыстырды. Отставкадағы Армия офицерлері бастаған демонстранттар ғимаратқа кіріп, оны "революция штабы" деп жариялады. Француз БАҚ-тарының хабарлауынша, Ливан премьер-министрі Хасан Диаб елде Парламентке мерзімінен бұрын сайлау ұйымдастыру туралы ұсыныс айтқан.

- Тек мерзімінен бұрын сайлау құрылымдық дағдарысты еңсере алады, - деді ол Ливан теледидарында сөйлеген сөзінде. Сонымен қатар, бірқатар Парламент депутаттары сайлау идеясын қолдайтындықтарын түсіндіре отырып, өз қызметінен кететіні туралы жариялады.

Сонымен бірге, АҚШ үкіметі ливандық демонстранттардың бейбіт наразылық білдіру құқығын қолдайды және барлық қатысушыларды зорлық-зомбылықтан аулақ болуға шақырады, делінген Бейруттағы АҚШ Елшілігінің хабарламасында.

Сондай-ақ, Елшілік өзінің твиттерінде Ливан халқы "оны тыңдайтын және ашықтық пен есеп берудің халықтық талаптарына жауап беру үшін бағытын өзгертетін көшбасшыларға ие болуға лайық" деп мәлімдеді.
Следующая →