Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Отпен ойнаудың арты өртке әкелді

Предгорный ауылындағы балалар автомобиль тіркемесін өртеді

Оқиға Глубокое ауданының Предгорный ауылында болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Ата-аналарының аулада ойнамандар деген ескертуіне қарамастан, 11 және 12 жастағы екі дос балалар үйден алыс жерде, автотұрақтың жабылмаған аумағына қарай бет алған. Балалар бос вагонға кіріп алып, жанармайды жерге төгіп сіреңкені тұтатқан.

Екі тентек осы жерден жанармай құйылған канистрді тауып алған. От лезде өртеніп, вагонның іші көк түтінге айналды. Қорыққан балалар үйлеріне қарай жүгіріп барып, болған оқиғаны ата-аналарына айтып берді. Оқиға орнына бір баланың анасы бірден жүгіріп барған, бірақ ашық от вагонды толығымен жаулап алған.

- Дереу келіп жеткен құтқарушылар 24 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Олар өрттің одан әрі таралуының алдын алды. Вагон толығымен жанып кеткен және келтірілген залал екі балалардың ата-анасынан өтелуі керек. Өрт фактісі бойынша материалдар Глубокое ауданының полиция бөлімінде тіркелді, өйткені балалар ересектердің бақылауында болмаған деген факті бойынша іс тергеледі.

Сонымен қатар балалардың ата-аналарымен түсіндіру жұмысы жүргізілді.

- Құрметті ата-аналар! - деп Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас инженері Азамат Құмарбеков тұрғындарға жүгінді. - Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар, оларға өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін түсіндіріңіздер, мұндай ойындар айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға ғана емес, қайғылы салдарға алып келуі демүмкін екенін ескертіңіздер.
Следующая →