Семейлік азамат айдап кеткен көлікпен апатқа ұшыраған
Жол-көлік апатына жол берген кезде ер адам жүргізуші куәлігінсіз және мас күйінде болған
Апат туралы хабарлама Семей полиция басқармасының Әуезов полиция бөліміне 18 ақпан күні түнгі сағат екі шамасында келіп түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі..
Lada Priora маркалы екі көлік Бозтаев көшесінде соқтығысып қалған. Құқық қорғау қызметкерлері 37 жастағы жол-көлік оқиғасына кінәлі айдап кеткен машинада апатқа ұшырағандығын анықтады. Сонымен қатар, ол мас және жүргізуші куәлігінсіз болған.
- Жауап алу кезінде ер адам өз кінәсін жоққа шығарған жоқ. Қазіргі уақытта автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Аталған факті ҚР ҚК-нің 200-бабы "Айдап кету" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.