Ақмолада ауыл әкімдіктерінің бірінде өрт шықты
Әкімдік ғимаратының шатырындағы өртті сөндіру үшін өрт сөндіру қызметкерлері 140 шақырым жол жүріп келді
Ақмола облысындағы Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылындағы әкімдік ғимаратынан өрт шыққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Өрт туралы хабарлама құтқару қызметіне таң атпай ерте түскен. Ал ауылға ең жақын орналасқан өрт сөндіру қызметінің пункті 140 шақырым жерде екен.
- Тұрғын үйден жасалған әкімдіктің шатыры жанған. Жалпы өрт ауданы 120 шаршы метр. Өрт 08.30-да ауыздықталып, 08:45-те жойылды. Алдын ала болжам бойынша – электр желілерінің қысқа тұйықталуы. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.