Байқоңырда қазақстандық полиция қызметкерін тістеп алған
Прокуратураның бағалауынша, қызметтік міндетін атқарып жүрген заң өкілін тістеу – күш көрсету
Ер адам Байқоңырдағы полиция бөлімшесінде тәртіп сақшысын тісетп алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
25 жастағы Байқоңыр тұрғыны ішімдікке мас болып әкімшілік құқық бұзғаны үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген. Ол бөлімшеде бүлік шығарып, тәртіп сақшысының қолынан тістеп алған.
Осыған байланысты ҚР ҚК 318-бабы 1-бөлігі бойынша бұзақыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
- Тәртіп бұзушы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатындықтан қылмыстық іс қазақстандық құқық қорғау органдарына жіберілді, - деп хабарлады Ресейдегі бақылау органы.
Бұзақы жігіт үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.