Алматыда ірі өрт орын алды
Алматыда дәмханадан өрт шығып, алты автокөлік, он велосипед, электрокарларға арналған қуаттаушы станция зақымдалды
Түнгі уақытта Жароков көш., 43 мекенжайында орналасқан "Динара" дәмханасында өрт шыққан.
"101" арнасына өрттың шығуы туралы хабар 4.16-да түскен. Өрт сөндірушілер 7 минут ішінде оқиға орнына жеткен.
- Өрт сөндірушілер жеткен уақытта бір қабатты дәмхана мен екі көлік өртке оранған, - дейді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Жалынның салдарынан тағы көлікжайда тұрған 4 көлік зардап шеккен. Электркарлерге арналған қуаттаушы станция мен "Алматы Байктің" 10 велосипеді балқып кеткен.
Өрт 4.47-де ауыздықталып, 5.17-де жойылды. Өрт алаңы 280 шаршы метрді құрады. Зардап шеккен азаматтар жоқ. Өрттің шығуына не себеп болғаны анықталу үстінде.