Солтүстік Қазақстанда хакер қолға түсті
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өзі жасап алған арнайы компьютерлік бағдарлама көмегімен қазақстандықтардың банк карталарынан ақша шешіп отырған
Солтүстік Қазақстан облысының полициясы хакерлік және алаяқтықпен айналысып жүрген екі адамның жолын кесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Алаяқтардың жымысқы әрекетінен зардап шеккендердің көбі тіпті ақшалары ұрланып жатқанын білмеген де.
- Тоналған сома мөлшері әр түрлі – 1000 теңгеден бастап, 100 мың теңгеге дейін. Ал бүгінгі күні хакер 14 адамның картасынан ақша жымқырғаны белгілі болып отыр, - деп түсіндірді тәртіп сақшылары.
Ал зардап шеккендер саны бұдан да артық болуы ғажап емес.
Ал екінші алаяқ банктік карталарда көп мөлшерде ақша шешіп келген.