Интерпол басшысы қызметтен кетті
Жоғалып кеткен Интерпол басшысы Мэн Хунвэй қызметтен кетуге өтініш білдірді
Бүгін Францияның Лионындағы Интерполдың бас хатшылығы Мэн Хунвэйдің президенттік қызметтен кету бойынша өтінішін алды
Интерпол ұйымы басшысының міндетін атқарушы қызметіне аға вице-президент Ким Чон Ян тағайындалды.
Интерпол жаңа президентті қараша айының аяғындай сайлайды.
Бұған дейін "Монд" газеті Мэн Хунвэй Бейжіңде қамауда отыр деп хабарлаған.
Артынша Қытай компартиясының тәртіпті қадағалау бойынша орталық комиссиясы Мэн Хунвэйге қатысты заңды бұзғаны үшін тергеу жүргізіліп жатқанын айтқан.
Мэн Хунвэйдің жоғалып кеткендігі жайлы зайыбы да мәлімдеген. Оның айтуынша, жұбайы 29 қыркүекте ғана байланысқа шыққан. Сонымен қатар, оған белгісіз біреулер әлеуметтік желі және телефон арқылы қоқанлоқы көрсеткен көрінеді.