Павлодарда ер адам тонналаған жасымық астында қалып мерт болды
Жасымық түсірумен айналысқан ер адамның жұмыс орнында қаза табу фактісі бойынша тергеу жұмыстары басталды
Шұғыл шақыртуға жедел түрде жеткен құтқарушылар ер адамның денесін жасымық толған шұңқырдан алып шыққан, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
30 жастағы КамАЗ жүргізушісі көкөніс базасының қоймасында тауар түсіріп жатқан кезде қауіпсіздік қағидаларын сақтамай, жүк көлігінің қауын ашып жіберген. Ал көлік бірнеше тонна жасымыққа толы болған.
- Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамның тыныс алу жолдарының механикалық асфиксиясы салдарынан орын алған биологиялық өлімін тіркеген. Яғни, ер адам тұншығып қалған, - дейді Павлодарлық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Вербовая Ольга.
Орын алған оқиғаны аймақтық еңбек басқармасы өкілдерінің қатысуымен арнайы тобы тергеуде.