Грек теңізшілері еңбекақысының көтерілгенін талап етіп отыр
Бүкілгрек теңізшілері федерациясы наразылық акциясын әлі де жалғастыруды ойлап отыр
Бұған жұмыс берушілердің теңізшілердің еңбекақысын көтермеуі себеп. Оның үстіне, ел үкіметі де теңізшілердің наразылығын елемей отыр.
Наразылық акциясы дүйсенбі күні басталған. Сағат таңғы 6.00-де теңізге кемемен шығуы тиіс жұмысшылардың бірде-бірі теңізге шықпай қойған. Паромдар да тоқтап қалған.
Федерация мамандары теңізшілердің еңбекақысын 5 пайызға көбейтуді өтінген. Ал Жолаушылар кемесі қауымдастығы федерацияның бұл өтінішіне жауап қатпай, келіссөз жүргізуден бас тартқан. Дау-дамайдан содан басталған.