Индонезияда тағы да жер сілкінді
Индонезияның Ломбок аралынан жарты миллион адам көшірілді
Ел үкіметі жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін барлық күш-қуатын Ломбок аралына жинақтауда.
Соңғы деректерге қарағанда, аралда болған жер сілкінісінен он шақты адам қаза болған. Төтенше жағдайлар агенттігінің хабарлауынша, зардап шеккендердің саны бұдан да көп, әлі табылу үстінде. Ел билігі құлаған мектеп пен ауруханаларды жөндеуге кіріспек.
Шұғыл қызмет мамандары азық-түлік пен ауыз судың, 430 мың адамға баспана жетпей жатқанын айтуда.
Жер сілкінісінен келген шығын – 480 млн АҚШ доллары.