Тәжікстан лаңкестері туристерді таптаған біз деп отыр
Тәжікстанда велосипедпен жүрген туристерді қағып кеткен жол апатын лаңкестер өз мойнына алып отыр
Атап айтқанда, терактіні мойнына алып отырған ұйым ИГИЛ (Қазақстанда тыйым салынған) болып отыр. Мұндай ақпаратты SITE Intelligence Group ұйымы таратты.
Бұған дейін хабарланғандай, автомобиль жүргізушісі көшеде велосипедпен жүрген туристерді басып кеткен. Үшеуі оқиға орнында тіл тартпай кетсе, төртіншісі ауруханада қайтыс болды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.
Ал Daewoo Leganza көлігінің иесі оқиға орнынан із суытып үлгерген.