Тәжікстанда болған жол апатынан туристер көз жұмды
Жол апатынан АҚШ-тың екі азаматы, Швейцария мен Нидерланды азаматтары көз жұмды
Автомобиль жүргізушісі көшеде велосипедпен жүрген туристерді басып кетті. Үшеуі оқиға орнында тіл тартпай кетсе, төртіншісі ауруханада қайтыс болды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.
Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон туристердің туған-туыстарына көңіл айтып, оқиғаға кінәлілерді дереу табатындығын мәлімдеді.
Қазір оқиғаны ұйымдастырғандар іздестірілуде.