Арменияда 3 мамырда дүниеге келген бесемнің біреуі қайтыс болды
Еревандық "Эребуни" ауруханасында үш күн бұрын туған бесемнің біреуі қайтыс болды. Ал тағы бір сәби ауыр халде жатыр
Медициналық орталықта журналистерге хабарлағандай, жаңа туған нәресте сенбі күні таңертең қайтыс болған.
Тағы бір сәби өте ауыр халде жатыр. Барлық балалар уақытына жетпей туылған (600, 820, 840, 880 грамм).
Бұрын хабарланғандай, 3 мамыр күні еревандық жас жұбайларда бесем дүниеге келген.
Жаңа туған нәрестелердің (1 ұл, 4 қыз) ата-анасы – 24 жасар Вардан Карапетян мен 23 жасар Лусине Погосян.
3 мамырда аурухананың бас дәрігері Микаел Манукян журналистерге хабарлағандай, «аурухана тарихында тұңғыш рет бесем дүиенеге келіп отыр». Бас дәрігер босанған ананың халінің жақсы екендігін, ал балалар «дәрігерлер бақылауында» екендігін пайымдаған.
Сонымен қатар жас отбасы мемлекеттен 7,5 млн драм (шамамен $ 15,5 мың) алатындығы да хабарланған.