Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Каспийдегі итбалықтардың қырылу себебін анықталмақ

Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі Каспий теңізінің Маңғыстау облысына қарасты Түпқараған ауданында итбалықтардың жаппай қырылуы себебін зерттемек.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі сайтында хабарланғандай, АШМ ОШЖДК Маңғыстау облыстық орман шарушылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, Түпқараған ауданы ветеринария қызметінің және Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерінен құралған жедел зерттеу тобы жасақталып, итбалықтардың неден өліп жатқандығын анықтауға кірісті.

Сонымен қатар, 16 сәуір мен 18 сәуір күндері аралығында Инспекция қызметкерлері «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мен Гидробиология және экология Институты қызметкерлерімен бірге Дурнева аралына экспедиция ұйымдастырылды. Экспедицияның мақсаты каспий итбалықтарының санын, оған тигізер қауіп-қатерлердің себебін анықтау болды.

Осыдан бұрын да хабарланғандай, Каспий теңізінің жағалауында 243 итбалық өлексесі табылған болатын.

Следующая →