Атыраулық сауда үйінен 250 адам эвакуацияланды
Сенбі күні зиянкестер «Насиха» сауда үйінде белгісіз бір газды жіберді
Атыраудағы «Насиха» сауда үйінен шамамен 250 адам эвакуацияланды. Төтенше жағдайдың орын алуына белгісіз газдың таралуы себеп болды.
-Оқиға 11 наурыз күні 17.25-те орын алды. Қазіргі уақытта күдікті деген үш ер азамат «Бұзақылық» бабы бойынша ұсталды. Олардың екеуі 1992 жылғы, біреуі 1996 жылғы азамат, - деді ІІД өкілдері.
Полиция бөлімінде БАҚ өкілдері он шақты адам зардап шекті деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Газды таратулуына байланысты зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.