ясно
°
$
503.35
-2.36
590.63
-0.80
¥
72.28
-0.23
6.62
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Жаппай улану болған оралдық дәмхана иесі рақымшылық алды

Орал соты 29 адам фастфудпен тамақтанып уланған «Бургер стрит» дәмханасының иесіне қатысты үкім шығарды  

Происшествия в Казахстане и мире / Владелец уральского кафе, в котором произошло массовое отравление, попал под амнистию
Фото:
ndn.info

Кәсәпкер ҚР ҚК 304-бабының 1-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығы шектелуі керек болды. Алайда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жасалып жатқан рақымшылыққа ілігіп, үкіметке 2 млн 138 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады. Сонымен қатар ол кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан 3 жылға айырылып отыр.

2016 жылдың қараша айында «Бургер стрит» дәмханасынан дәм татқан 29 келуші уланып, оларға «сальмонеллез» диагнозы қойылды.

Кейін кәсіпкер келуішілерден кешірім сұрап, 100-300 мың теңге көлемінде моральлық, 5-6 мың теңге көлемінде материалдық (дәрі-дәрмекке жұмсалған) шығынын өтеп берді.

Следующая →