Алматы баланы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Алматы полицейлері бейсенбі күні 8 жасар қызды қағып өлтірген жүргізушіні ұстады
Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 1973 жылғы Алғабас кентінің тұрғыны ұсталды. Ол өзінің көлігін көрші Көкса кентіндегі туыстарының гаражына тығып кеткен. Көлік соталды тергеу амалдары жүргізілгенше көлік дәлел ретінде жүреді.
Жүргізугші өз кінәсін мойындады, оқиға орнынан қорқып кеткендіктен қашқан екен. Тергеу барысында К. Есімді азамат осыған дейін мүліктік қылмыстарға қатысы болып, қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке бірден екі бап бойынша тартылып отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.