Түркия билігі Қазақстанға қарақшылық пен бопсалаушылыққа айыпталушыны берді
Республика төңірегінде бірқатар қылмысқа айыпталушы азамат Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай ұсталған азамат 2012 жылы бір топ адаммен «Е» атты азаматқа қарақшылық жасап, бопсалау арқылы 415 290 теңге көлеміндегі қаражатын тартып алған деп айыпталуда. Сонымен қатар бопсалау арқылы тағы 9 млн теңге ақшаны иемденген.
Қостанай облысының ішкі істер департаментімен іздеу салынғаннан кейін, 2013 жылы Түркия шекарасында ұсталған болатын. Қазіргі уақытта ұсталушы Астана қаласының уақытша тергеу изоляторында.