Шымкентте ер адам әйелі мен баласына АИТВ жұқтырған
49 жасар Шымкент тұрғыны сырттай 4 жылға сотталып, іздеу жарияланды
Іздеуде жүрген ер адам ұзақ уақыт бойы нарколог тізімінде тұр. Ал 2001 жылдан бері АИТВ диагнозы анықталды.
Ол 2016 жылы бір әйелмен кездесе бастайды, бірақ одан АИТВ статусын жасырып қалған. Ал олардың қарым-қатынасы басталған шақта әйелдің емшектегі баласы болған. Осылайша әйел де, бала да АИТВ инфекциясын жұқтырған.
Ал кейін өзінің инфекция жұқтырғанын білген әйел ер адамның үстінен арыз түсірген. Сот үрдісі барысында күдікті өз кінәсін мойындағанымен, сот үкімін жариялауға келмеді. Ол енді 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.