Оңтүстік Қазақстандағы букмерлік кеңсе қызметкерлері ұрлықты сахналады
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында букмеркелік кеңсеге ұры түсті деген сахналау әшкереленді
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жергілікті жердің 23 жасап тұрғыны түнде белгісіз біреулер кеңсеге келіп, пышақпен қызды шошытып, кассадағы 1,5 млн теңгені ұрлады деген арызбен полицияға шағымданады.
Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде бойжеткен тәртіп сақшыларына ұрлық жайлы жалған айтқаны белгілі болды.
- Тергеу амалдары қыз бұл сахналауды өзінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында ойластырғаны ақыталды, - делінген ақпаратта.
Қыздың үйін тінту барысында полицейлер ұрланған қаражатты табады.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің үш бабына сәйкес бұл іс бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде.