Австралияда бейнебаян түсірілімі барысында 20 жасар актер қаза тапты
Алдын ала алынған ақпараттар бойынша, атыс сценасын түсіру барысында тапаншалардың бірінде шынайы оқ болған көрінеді
Қазір оқиға орны полициямен қоршалған. Құқыққорғаушылар оқиғаның мәнін ашуға тырысуда.
Атап өту керек бейнебаян түсірілімі барысында музыкалық ұжым түсірілім алаңында болмаған, алайда топта болған оқиғаны растаған.
- Түсіру тобы мен біздің команда полициямен жұмыс істеуде және оқиға тергеуіне көмектесуде.
Осындай оқиға Тегеран қаласының маңайында да орын алған. Ол жерде режиссер Масуд Деномакидің соғыс туралы фильмі түсірілген болатын. Бес адам пиротехника үйілген көліктің жарылуынан қаза тапқан.