БҚО-да пәтерінде қайтыс болған зейнеткер үш айдан соң табылған
Круглоозерное ауылының 63 жасар зейнеткері үш айға жуық уақыт бойы пәтерінде жатқан. Тек пошта қызметкерлері ғана зейнеткердің зейнетақы алуға келмегенін байқаған
Зейнеткер Светлана Кененбаева Круглоозерное ауылының орталығында жалғыз өмір сүрген. Үш жыл бұрын Светлана өмір бойы бірге өмір сүрген анасы қайтыс болған. Көршілерінің бірі Гүлиям Мергенева Светланамен өте тығыз қарым-қатынаста болғанын және психикасының ауытқушылығымен ауырғанын, сондықтан көршісінің жоғалғаны алаңдатпағанын айтады.
Көшеден көршісінің туысқанын кездестіріп қалғанда, учаскелік полицияға хабарлап есікті бұзып кіруге рұқсат алған. Дәрігерлер денесінің 10 тамыздан бері жатқанын анықтаған. Алайда көршілерінің ешқайсысы жағымсыз иісті сезбеген.
Зейнеткердің жерлеу рәсімі жергілікті еңбек биржасы мен көршілерінің қаржыландыруымен өткен. Зейнеткерге әлеуметтік қызметкер тағайындамаған, себебі оның ресми күтіп-бағушысы болған.