Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Прокурорлар алматылық мергенді өлім жазасына кесуді сұрады

Кеше Руслан Күлікбаевтың ісіне қатысты тыңдау барысында прокурор оған ең қатал жаза қолдануды сұрады. Бұл ұсынысты қаза тапқандарды туыстары да қолдады

Алматыда қанды қырғын салған Руслан Күлікбаев өлім жазасына кесілуі мүмкін. Бүгінгі жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы оған осындай жаза кесуді сұрады. Алайда Күлікбаев қатаң жазадан қорықпайтын секілді. Сотта соңғы сөз алған содыр қандай үкім шықса да қолыммен жасағанды мойныммен көтеруге дайынмын деп міз бақпай отыр, деп хабарлайды "КТК телеарнасының сайты"


Бүгінгі жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Руслан Күлікбаевқа осылай өлім жазасын сұрады. Прокурордың айтуынша, 10 адамды жайратып салған лаңкес қоғам үшін өте қауіпті. Сондықтан мұндай қанішерді тек ең ауыр жазаға кесу керек дейді Жарқынбек Бақашбаев.

Жарқынбек Бақашбаев, мемлекеттік айыптаушы :

-Күлікбаевтың жасаған қылмысы дәл осы террористік әрекетке жатады. Сондықтан мен ҚР Конституциясы атынан, ҚР Прокуратура туралы заңы негізінде, прокуратураға берілген өкілеттілік шегінде Сондықтан мен Күлікбаевқа ҚР ҚК 255 бабымен мүлкі тәркіленіп, өлім жазасы белгіленуін сұраймын. 

Алайда елімізде өлім жазасына 2003 жылы мораторий жарияланған. Бірақ бұл аса ауыр жазаны қолдануға кедергі емес екен. Яғни мораторий тек оны орындауға шектеу қояды дейді прокурорлар. Сондықтан судья осындай шешім шығарса, Күлікбаев түптің-түбінде атылады.

Жарқынбек Бақашбаев, мемлекеттік айыптаушы:

-Сот  өлім   жазасына кескенімен мораторийға байланысты бұл жазаның орындалуы тоқтатыла тұрады.

Алайда сотталушы аса ауыр жазаға аса алаңдамайтын секілді. Соңғы сөз алған Руслан Күлікбаев қандай жаза болса да қасқайып тұрып өтеуге дайынмын дейді. Тіпті дінге тым беріліп кеткені соншалық, судьяның емес, Алланың үкіміне ғана бас ұрамын деп қысқа қайырды.

Руслан Күлікбаев, айыпталушы:

-Маған өлім жазасы болсын, мәңгілік отыру жазасы болсын, зорлық-зомбылық болсын, мен бәріне де, иншаллаһ, сабыр етемін. Мен үшін шығарған заң Аллаһтың шыбыны шақса сол қатты батады. Ал қалғаны маған жай ғана түсім секілді болады.

Он адамды қырып салған қандықол қарақшы марқұмдардың туыстарынан кешірім де сұраған жоқ. Тіпті өз ісіне өкінбейді екен. Сондықтан жақындарынан айырылып, қара жамылғандар оған тек өлім жазасын кесуді сұрап отыр.

Әсел Баймұхамбетова, марқұм Серік Әбілдаевтың әйелі

- Қанша арыстандай азаматтарымыздың жанын алып отыр. Мен өзім Әбілдаевтың жолдасы болам. Үш қызыммен қалып отырмын. Әділ жаза өлім жазасы. Өлім жазасын сұраймын.

Ал Руслан Күлікбаевтың бес сыбайласы да жазадан жалтарып кете алмайды. Лаңкестік әрекетке дейін топтасып қарақшылық жасағандар енді 11 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Атышулы сот ісіне сәрсенбіде нүкте қойылады деп күтілуде. 

Следующая →