Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Теміртауда зират тоналды

Бір түн ішінде жиырмаға жуық зират тоналған. Қаскүнемдер түрлері ұқсас қоршауларды ғана алған

Полиция бұл бұйымдарға тұтынушылар тауып қойған болар деп болжауда, деп хабарлайды KTK.kz. Любовь Веденеева күйеуінің зиратына келіп аң-таң болған: 28 жыл бойы тұрған қоршау жоғалып кеткен. Теміртау қаласының тұрғыны Любовь Веденеева: - Бұл нағыз вандализм, нағыз вандализм, өлгендермен қалай алысуға болады. Тірілер болса жарайды, өлгендер не кедергі келтірді? Тұрды ма, тұрды. Вандалдар қызу жұмыс үстінде ұсталды. Зиратты бақылаушылар, қуанышқа орай, алыста болмаған. Қылмыскерлер түсті металдарды алаңсыз жинап жүрген, оларға бұйымдардың бір түрі ғана қызықты көрінген. Жерлеу салты агенттігі директорының орынбасары Александр Иштваник: - Барлығын жинап, зираттан алып кетуге қоймалап қойған топ ұсталды. Барлық қоршау түрлері бірдей. Қылмыскерлер ұрланған заттарды тек темір қабылдау пунктілеріне өткізбей, дайын тауады сатып алушыларды да тауып қоюы мүмкін.Бұл жолы қайтыс болғандардың туысқандарының жолдары болды: ұрлықшылар жинап үлгерген заттар қазір жерлеу агенттігінің қоймасында. Зираттағы вандализмнің өзге фактілері ашылмаған күйінде қалуы мүмкін: адамдар полицияға тым кеш хабарласады. Теміртау қаласы ІІБ, Бауыржан Амангелдин: - Зиратқа жиі келмегендіктен, кейбір ұрлықтарды өткеніне жарты жыл болып қояды. Теміртаулықтардың пікірінше, вандалдармен бірге темір қабылдау пунктілерін бірге қатал жазаласа, қылмыс азайяр еді. Барлығын есепке алар болсақ, екі жақтың да жұмысы жеткілікті. Мысалы, жыл басынан бері полицияғы 13 арыз түскен. Қарағандыда қыркүйек айының өзінде ғана 10 зират тоналған.
Следующая →