Американдық полиция зейнеткерді атып тастады
Қолында бейсбол таяғын ұстаған 66 жасар жалаңаш әйелді өз пәтерінде полиция сержанты атып тастаған
Нью-Йорк полиция департаментіне сержанттың неліктен электршокерін пайдаланбағанын анықтауға тура келеді
Полиция сержанты Бронкстағы пәтерінде бейсбол таяғымен шабуылдаған әйелді атып тастаған, деп хабарлайды NBC New York.
Телеарнаның хабарлауынша, үйдің бір тұрғыны көршісіне шағымданып 911-ге хабарласқан. Оқиға орнына келген сержант қолында қайшысы бар жалаңаш әйелді кездестіреді. Полиция қызметкері қайшыны қоюға көндіріп болмастан әйел бейсбол таяғын алып құқыққорғау органы қызметкеріне шабуыл жасамақ болған.
Сержант екі рет атып, нәтижесінде әйел ауруханада көз жұмды. Нью-Йорк полиция департаменті оқиғаны тергеуде. Мамандарға неге сержанттың өзімен болған электршокерді пайдаланбағанын анықтауға тура келеді.
Нью-Йиорк сенаторы Рубен Диас аталмыш жағдайда атудың кешірімсіз екенін айтты.