Алматы әуежайында төгілген сынаптың кесірінен 6 рейс тоқтатылды
Алматы әуе айлағының әкімшілігі адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге тура келген оқиғаның қыр-сырын түсіндіріп берді
Әуежай баспасөз қызметінің хабарламасы:
03.10.2016 ж. Алматы-Тбилиси бағытындағы АК Эйр Астана №141 рейсіне құжаттарды тексеру барысында жолаушылардың бірінің заттарының арасынан сынапқа ұқсас сұйықтық табылған. Авиациялық қызметкер күдік тудырған затты алып шығу туралы бұйрық берсе де, жолаушы өз бетінше ол затты қоқыс жәшігіне лақтыра салған. Осылайша сұйықтық төгіліп қалған.
Әуежай қызметкерлері болған жағдай туралы бірден Алматы ТЖД және полиция қызметкерлеріне хабар берген. Ғимаратта болған адамдардың барлығы сыртқа шығарылды. Оқиға орнынан жеткен ТЖД қызметкерлері орынды залалсыздандырды.
Следующая →