Өскемендегі жерді заңсыз сатқан кім?
Өскемен қаласының 19-шы шағын ауданындағы мемлекеттік бағдарламамен көпқабатты үйлер салынатын жер телімдері заңсыз сатылып кеткен Мұны облыс әкімі Даниал Ахметов айтып отыр. Шағын ауданда салынып жатқан тұрғын үйлердің жобасымен, жай-жапсарымен танысуға барған аймақ басшысы заңсыздықтарды көріп, жаға ұстап қайтты. Әсіресе, ықшам ауданның миллиардтаған қаржы жұмсалып инфрақұрылымы тартылған жер телімдері жеке кәсіпкерлерге сатылып кеткендігі ашуына тиген. - Оның ішінде жалдамалы тұрғын үйлер салынады...