Әдісін тапса, қоқыс та кіріс әкеледі
2019 жылдан бастап сұрыпталмаған қоқыстарды жерге көмуге тыйым салынды. Ал қоғам қоқысты сұрыптауға дайын ба? Дамыған елдердің көбінде тапталып жерде жатқан тұрмыс қалдықтары - әжептәуір табыс көзі. Бұл - бизнес әрі әлеуметтік жауапты іс. Қоқысты қайта өңдеуден түскен ақша қалта мен қоршаған ортаға бірдей пайда әкеледі. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өндеудің негізгі бағыттары - қағаз өнімдері, әйнек сынықтары, бөтелкелер, полимерлер, пластик өнімдері, ағаш және темір заттары болып тармақталады. Тіпті...