Қалыңмалды бұрын кімдер берген, қазір кімдер алып жүр?
Қалыңмал деген не еді? Ол – тұрмыс құрып ұзатылатын қыздың әке-шешесіне қыз жасауы үшін үйленетін жігіттің ата-анасы төлейтін төрт түлік мал мен қымбат, бағалы, құнды дүниелер Қыз жасауы бұрын қандай болған? Оған кебеже, сандық, асадал, төсек-орын, кілем-текемет, сырмақ-алаша, құс жастық, құс көрпе сынды отау жиһаздары; сырға, алқа, сақина, білезік, өңіржиек, балдақ сияқты сәндік әшекей бұйымдар; айна-тарақ, иіссу, ине-жіп, оймақ, жуалдыз, кесте секілді қобдишаға салар керек-жарақ; сәукеле, салы...