Шілікті обаларын қоршап жатыр
Еленбеген іске еріктілер білек сыбана кіріскен Шілікті жазығында үлкенді-кішілі 200-ге тарта оба бар, оның 30-дан астамы қазылған. 2003 жылы Қазақстандағы үшінші "Алтын адам" шығыс өңіріндегі Зайсан ауданы, Шілікті ауылынан табылған болатын. Бәйгетөбенің байғазысы - бір топ археолог бұл қасиетті қорымнан барлығы 4303 алтын бұйым тапқан. Ал басты сенсациясы - 5-6-шы ғасырда өмір сүрген Сақ патшасының алтынмен қапталған мүрдесі. Тарихи жәдігерлер музейге жеткізілетіні анық. Ал сақ жауынгерінің...