Сырғанақтың соңы - көліктің жолы
Өскемен қалалық ТЖБ қызметкерлері қаладағы қысқы демалыс орындарына тексеріс жүргізді. Біз де құтқарушыларға ілесіп, Согра кентінің 9-ыншы шақырымындағы биік жотаға, Самар тас жолының бойындағы жұрт "Шешек" атап кеткен "атақты" сырғанаққа барып қайттық Сырғанайтын да жер емес. Қар әлі қалың жаумаған соң, қотыр-қотыр қорым тас-тар әр жерден жарым-жартылай шығып, дөңкиіп жатыр. Құйрығыңызбен барып тірелсеңіз... оңдырмай ауыртып ойбайлайсыз. Айналаның бәрі қараған, ши, тобылғы....