Раушан Нәбиева: Өскеменге көп кәсіп қажет
Өз кәсібіңді бастағың келсе, ең алдымен, қолыңнан қандай істің келетіндігін байыпта. Мәселен, тігін тіге аласың ба, онда тігіншілікті кәсіп ет Шаш сәндей аласың ба, шаштараз ісін аш. Нан, тоқаш, тәтті тағам пісіре алсаң, наубайхана ашуға тырыс. Қарапайым ғана қар күреудің әдісін білсең, қар күреумен айналысатын шағын шаруашылық ашсаң болады. Істің өзі қарапайым қабілеттен басталады. Қабілетіңді тауар ретінде сатылымға қоя алуың керек. Кәсіпкерліктің кілті тек осында ғана. Үйренуден табысқа дейін...