Зайсан көшелерінің қары күрелмеген бе?
Зайсан ауданындағы халық кей көшелердегі қар қыс басталғалы бері тазартылмағанын айтып шағымдануда - Автобус журетін Шаймардан көшесі тазаланбайды. Бұл көшеде әсіресе зейнеткерлер көп тұрады, - деп пікір білдірді аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында Гүлжанат Ошақбаева. Тұрғындар жаяу жүргіншілер жолына да техника тимегенін алға тартады. - Мешіт жақтағы бағдаршамнан базарға баратын жол мүлдем тазартылмаған. Көлік жүретін жолмен жүруге мәжбүрміз, - дейді зайсандықтар. Алайда Зайсан...