Зайсаннан жүз шақты трактор сатып алынады
Облыс әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданында Қытай инвесторы құрастыратын шағын трактордың 90 данасын сатып алуға келісім берді. Облыстың әрбір ауданына үш шағын трактордан сатып алынатын болса, Семей мен Өскемен қаласының әрбіреуіне жиырма трактордан сатып алынбақ Зайсан ауданында іссапарда болған облыс әкімі осындай шешім қабылдады. 2015 жылдан бастап жұмыс жасай бастаған «Ертіс-ТЗ» ЖШС-ы шағын трактордың бөлшектерін Қытайдан сатып әкеліп, Зайсан ауданында құрастырады. Трактордың екі түрі шығарылады...