Автобус жүргізушілері неге тапшы?
Бір ғана Өскеменде 300-ге тарта қоғамдық көлік жүргізушісінің орны бос тұр Бұл тенденция тек Өскеменде ғана емес, еліміздің бірқатар қалаларында да орын алуда. Қаладағы 10 тасымалдаушының ақпараттарына сенсек, қала бағыттарындағы автобустарға 240 жүргізуші жетпейді. - Қала ішінде 44 автобус бағыты және 12 шағын автобус бағыты бар. 1 автобусқа 1 жүргізуші тиесілі (негізінен, 1 автобусқа 2 жүргізушіден болуы тиіс). Автомобиль көлігімен жолаушылар және жүкті тасымалдау қағидаларына сәйкес, тасымалдаушы...