ШҚО-да із-түзсіз кеткендердің саны азаймай тұр
Ел аман, жұрт тынышта адамдардың жоғалуы алаңдатарлық жағдай, бірақ бүгінгі қоғам мұндай жаңалықтарға селт етпейтін болғандай. Байланыстың, технологияның кез келген түрі дамыған заманда адамның іс-түссіз жоғалатыны ойға қонымсыз көрінеді Еліміз бойынша адамдар жиі жоғалатын аймақтардың ішіне Алматы қаласы және Алматы облысы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары кіреді. 2020 жылы барлығы 3202 адам іс-түссіз жоғалған. Олардың 975-сі әйелдер, 286-сі кәмелеттік жасқа толмағандар, 50-і 14 жасқа...