Еңселі сусын езгіге салмасын
Жуықта қазақстандық депутаттар энергетикалық сусындарды жасөспірімдердің пайдалануына шектеу қою керектігін айтып дабыл қаққан болатын Халық қалаулыларының айдың-күннің аманында қадалып сөйлеуіне де негіз бар-ды. Бұрын-соңды бұл сусындардың зияны туралы талай айтылып келсе де, әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмағасын тақырыптың базары тарқап кеткен. Аузының салымы бар ағайындар жараның аузын ашқан соң, сұрқия сусындардың зиянын заң призмасынан өткізу керек болғандай-ақ екен. Не жеп, не ішетінін...