Діни брошюралар таратқан ШҚО тұрғыны енді айыппұл төлейді
Діни брошюралар таратқан ШҚО тұрғыны енді айыппұл төлейді Ол Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінде насихат жүргізіп тұрған жерінен назарға іліккен Діни сипаттағы материалдарды таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп. ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстың 66 жастағы тұрғыны Өскемен қаласының дәмханаларының бірінде діни әдебиет тарату фактісін анықтады...