Ұландық Жанарбек екі жақты домбыра жасады
Ұлан ауданы Шымқора ауылының тұрғыны Жанарбек екі жақты домбыра жасап елді таңқалдырды. Өнерімен өрісін кеңейтіп, елдің ықыласына бөлену өнер иесінің өзіне тән ерекшелігі болса керек Кейіпкеріміз киелі өнерді өміріне серік етіп, өнер керуенінің көшімен бірге келеді. Қу ағашқа тіл бітірген шебердің қолынан шыққан домбыралар өңірде сұранысқа ие. Атадан қалған асыл мұра Атадан ағашшылықты, әкеден күйшілікті бойына дарыта білген ол бүгін де ата кәсіпке шындап кіріскен. - Мен шебердің немересі, күйшінің...