Күршім ауданында бірнеше ауыл сусыз қалды
Күршім ауданының тұрғындары әлеуметтік желілерде суармалы судың жоқтығына шағымдануда. Басты себеп - бөгеттің бұзылуы Ауыл тұрғындарының айтуынша, Көмейдегі дамбының жарылуы егіншілікпен күн көретін Бірлік, Сарыөлең және Барақ батыр ауылдары салдарынан суармалы сусыз қалып отыр. - Су Көмей деген жерден келеді. Содан бері қарай шлюз арқылы Жауғашты деген каналға жетеді. Мыңдаған гектар жердегі егістік, қарбыз, шабындық, жоңышқа - бәріне су жетпей жатыр. Бақша егетін ауылдастарымызға да қиын болды...