Күршім ауданында екі балықшы суға батып кетті
Восточно-Казахстанская область Общество Күршім ауданында екі балықшы суға батып кетті Бұқтырма су қоймасындағы Торанғы шығанағында балықшылардың қайығы аударылып қалған Балық аулауға шыққан 1993 және 1986 жылы туған екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. ШҚО ТЖД сүңгуір-құтқарушылары іздеу жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Қаза тапқан балықшылардың денелері табылып, судан шығарылды. Оларда құтқару кеудешелері болмаған.