Баланы суретшілікке жас күнінен баулу қажет
Жақында ғана Достық үйінде жеке сурет көрмесін ұйымдастырған Аменгелді Исабековтен сұхбат алудың кезегі түсті Амангелді Сапарханұлы Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, суретші, ұстаз. - Сіздің ата-анаңыз суретші ме, сізге суретшілік өнер қайдан, қалай дарыған? Әңгімемізді содан бастасақ... - Дарын атадан ұрпаққа құдайдың қалауымен берілетін текті белгі ғой. Атамнан бастап әкеме, аға-әпкелеріме дейін өнермен айналысқан, шебер адамдар болған. Әкем ауданымызға...