Адам қайғысы - заман қайғысы
Ахмет Байтұрсынов «Сөздің ең ұлысы – тарих» дейді. Құдайдан кейін сыры ең көп құбылыс осы - тарих болар. Ұмытсаң, жұмбағы ауырлай түседі, ал сақтасаң, қызықтыра береді Үлкен тарих кішігірім тарихтардан тұрады. Сондықтан әр адам өзінің туған жерін, туған елін, тегі мен тамырын жатқа білуі керек. Тіпті, тоғыз жасында елінен айрылған, жерінен алыстаған Бейбарыс Сұлтан да жеті атасын ұмытпай, жетесіз қалмаған. Сондықтан бұл қазақ халқының алтын қағидасы. Бүгінгі кейіпкеріміз де ұлтының ұл-қызының қамқоршысы...