«Фридом Финанс» 2021 жылы қазақстанда көшбасшы атанды
Аталмыш компания Қазақстан қор биржасында сатылатын бағалы қағаздардың (облигациялар) 79 түрі бойынша ресми маркет-мейкер болып табылады
2021 жылдың соңында «Фридом Финанс» АҚ Cbonds бойынша Қазақстандағы облигацияларды орналастырудың жетекші ұйымдастырушысы болып танылды. Компания жалпы рейтингте 15 эмитенттің 29 облигация шығарылымы бойынша 516,5 млрд теңге және 35,76% нарық үлесімен бірінші орынды иеленді.
- Бұл оқиға 42,85% үлесімен және 473 млрд теңгеден астам көлемімен нарықтық орналастырулар бойынша Cbonds рейтингінде 2021 жылға арналған қазақстандық облигациялардың үздік ұйымдастырушысы болып танылған инвестициялық банкинг департаменті үшін маңызды кезең болды. Бұл жетістіктер біздің адал беделіміздің, мемлекеттік және жеке клиенттердің алдында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгеніміздің, сондай-ақ Қазақстан экономикасының өсуіне ықпал ететін қаржылық қолдау көрсетудегі тұрақтылығымыздың дәлелі деп есептейміз, - деді «Фридом Финанс» АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры Ренат Сыздықов.
Сонымен қатар, компания «Фридом Финанс» АҚ-ның жекелеген (шоғырландырылмаған) қаржылық есептерінің негізгі көрсеткіштерін ашты. Соған сәйкес жалпы активтер 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 32 млрд теңгеге азайды. Меншікті капитал 23 млрд теңгеге немесе 60%-ға өсті.
Негізгі сандық көрсеткіштер
«Фридом Финанс» АҚ жарғылық капиталы 61,4 млрд теңге.
2021 жылдың төртінші тоқсанында ашылған шоттардың саны – 2746.
2022 жылы 1-ші қаңтарда 78 000-нан астам есепшот ашылған.
2021 жылдың төртінші тоқсанында 287 мыңнан астам келісімшарт жасалған. Компания 01.01.2022 жылы Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздардың 79 түрінің маркет-мейкері болды. Сондай-ақ Freedom Finance Global PLC 2022 жылдың үшінші тоқсанындағы нәтижелер де жарияланды (бұл 2021 күнтізбелік жылдың төртінші тоқсанына сәйкес келеді).
2021 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында Freedom Finance Global PLC-те 9 000-ға жуық шот ашылды, 297 мыңға жуық транзакция жасалды.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шоттардың жалпы саны 30 мыңнан асады, 904 мыңнан астам операция жүзеге асырылды.
2022 қаржы жылының үшінші тоқсанында клиенттер Freedom Finance Global арқылы 14 IPO-ға қатыса алды. 2021 жылы компанияның клиенттері барлығы 97 IPO-ға қатысты.