Samal саябағында жаңа веложолақ салынды
Қыркүйек айының соңында Өскемен қаласының Самал саябағында салынып жатқан кросс-велосипед алаңы аяқталды
Екі дөңгелекті шайтанарба теуіп, соларда әртүрлі трюк жасағанды жақсы көретіндер оның ашылуын көптен күткен. Жылдамдықты, экстремалды ұнататындар үшін жасалған арнайы алаң қазірдің өзінде қолданысқа дайын. Тек әрлеу жұмыстары қалды: түнде жарықтандырып, қоршаулар орнату қажет. Ал, келесі маусымда веложарыс әуесқойлары үшін жолдардың арасына көгал дайындалатын болады.
Велосипед алаңы қазірдің өзінде пайдалануға дайын. Жақында өткен облыстың ашық чемпионаты велотректің барлық стандарттарға сәйкес келетінін растады. Қазақстанның басқа қалаларынан байқауға қатысуға келген қонақтар бұл елдегі ең жақсы велоалаң екенін атап өтті. Нысанның құрылысына Қазақстанның велоспорт федерациясы мен осындай нысандардың құрылысында мол тәжірибесі бар Мәскеу мамандары жетекшілік етті.